Негізгі қорғаныс бөліміндегі саясатты конфигурациялау

Бұл бөлімнің параметрлерінің толық сипаттамасы Kaspersky Endpoint Security for Windows құжаттамасында берілген.

Саясат сипаттары терезесінің Негізгі қорғаныс бөлімінде Желілік экран және Файл қауіптерінен қорғаныс ішкі бөлімдерінде қосымша параметрлерді көрсету ұсынылады.

Желілік экран ішкі бөлімі клиент құрылғыларында бағдарламалардың желілік белсенділігін бақылауға көмектесетін параметрлерді қамтиды. Клиент құрылғысы келесі күйлердің бірі берілген желіні пайдаланады: жалпыға қолжетімді, жергілікті немесе сенімді. Желі күйіне байланысты Kaspersky Endpoint Security құрылғыдағы желілік белсенділікке рұқсат етуі немесе тыйым салуы мүмкін. Ұйымыңызға жаңа желіні қосқан кезде, оған сәйкес желілік күйді беруіңіз керек. Мысалы, егер ноутбук клиент құрылғысы болса, бұл құрылғы жалпыға қолжетімді немесе сенімді желіні пайдалануы ұсынылады, өйткені ноутбук әрқашан жергілікті желіге қосылған болмайды. Желілік экран ішкі бөлімінде сіз ұйымыңызда пайдаланатын желілерге күйлерді дұрыс бергеніңізді тексеруге болады.

Желілер тізімін тексеру үшін:

  1. Саясат сипаттарында Негізгі қорғаныс → Желілік экран бөліміне өтіңіз.
  2. Қолжетімді желілер блогында Конфигурациялау түймесін басыңыз.
  3. Желілік экран ашылған терезесінде желілер тізімін қарау үшін Желілер қойындысына өтіңіз.

Файл қауіптерінен қорғаныс ішкі бөлімінде желілік дисктерді тексеруді сөндіруге болады. Желілік дисктерді тексеру желілік дисктерге айтарлықтай жүктемені тудыра алады. Тікелей файл серверлерінде тексеруді жүзеге асырған жөн.

Желілік дискіні тексеруді өшіру үшін:

  1. Саясат сипаттарында Негізгі қорғаныс Файл қауіптерінен қорғаныс бөліміне өтіңіз.
  2. Қауіпсіздік деңгейі блогында Конфигурациялау түймесін басыңыз.
  3. Файл қауіптерінен қорғаныс ашылған терезесінде Жалпы қойындысында Барлық желілік дисктер жалаушасын алып тастаңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу